Қарағандыда ғимарат опырылып, ортасына түсті: ішінде 24 адам болған

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары апаттың нақты себебін анықтап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыдағы Ерубаев көшесінде орналасқан ғимарат опырылып, ортасына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төрт қабатты нысанның шатыры мен аралық жабындары, сондай-ақ баспалдақ пен қабырғаның күлі көкке ұшқан. 150 шаршы метр қираған. Ғимарат құлаған кезде  ішінде  24 адам болған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар ғимараттағы 15 адамды эвакуациялапты. Өзгелері сыртқа өз күшімен шыққан. Абырой болғанда, жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері шамамен 35 адам 8 бірлік техника. Оның ішінде 13 құтқарушы бар. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да ірі көлемде есірткі тәркіленді

 

Новости партнеров