Қарағандыда мал ұрлаған күдіктілер ұсталды

Олар 40 бас жылқыны қолды қылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда 40 бас жылқыны қолды қылған күдіктілер ұсталды. Жүк көлігіне тиелген жылқыларды 57 жастағы ресми құжаты жоқ адамның басқарғанын полицейлер арнайы бекетте тоқтатқанда білген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшылары бірден ірі қараларды суретке түсіріп әлеуметтік желі арқылы ауыл тұрғындарына таратқан. Нәтижесінде ақтоғайлық бақташылардың бірі өзіне тиесілі малды таныған. Жылқылар Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына уақытша қамалып, күзет қойылған. Ал күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шара жүргізіп жатыр", – деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан  Өскенбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады

Новости партнеров