Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.
«Сотталушы «әділет капитаны» арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді», - делінгенҚарағанды облыстық прокуратурасының хабарламасында.
Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.
Оқи отырыңыз: Астанада көпқабатты үйдің жанынан бойжеткеннің денесі табылды