Қараханидтер дәуірінің үлгісінде салынған көне қамал құрылысы қашан аяқталады

Тарихи-туристік кешен былтыр тамызда қолданысқа берілуі тиіс еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда 700 млн теңге бөлініп, Қараханидтер дәуірінің үлгісінде салынып жатқан көне қамал құрылысы тұралап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихи-туристік кешен былтыр тамызда қолданысқа берілуі тиіс еді. Бірақ тендерді ұтқан мердігер бөлінген қаржының аздық еткенін алға тартып, жұмыстың 1 жылдан бері кешігіп жатқанын жеткізді. Жоба төбе үстінде салынғандықтан, сызбасына да біршама түзету енгізуге мәжбүр болған. Салдарынан компанияға қаржылық салмақ түскен. Ал қала әкімдігі қосымша қаржы бөлуден бас тартқан. Керісінше уақытынан кешіккені үшін мердігерді сотқа берген.

Айта кетейік, 2 га жерді алып жатқан көне бекіністе амфитеатр мен қолөнершілер орталығы болады.

"2020 жылы сараптама қортындысы өткен. Ол кезде 675 млн теңгені құрады. + Сол бөлінген құны негізінде құрылыс жұмыстарын аяқтауға тиіс болатын. Сот шешімі негізінде осы жылдың соңына дейін аяқтап беруге міндеттелген. Нысанның қазіргі таңда 90 пайыз жұмысы атқарылып, 16 желтоқсанға ашылу жоспарлануда", – деді қала әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.

Оқи отырыңыз: Қара шатқалда әйнектен аспалы көпір салынады

Новости партнеров