Қарасора – 2025: елімізде бірнеше облыста есірткінің заңсыз айналымы тоқтатылды

21.08.2025 14:25

Тұрғын үй ауласында 20 келі каннабис сақтаған күдікті ұсталды

«Қарасора – 2025» жедел іс-шарасы шеңберінде полицейлер есірткінің заңсыз айналымын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен аптада Жамбыл облысының Шу алқабында түнгі арнайы операция кезінде 32 келі жаңадан шабылған марихуанамен ер адам ұсталды. Ал Атырау облысында 1 000-нан астам жабайы қарасора бұтасы табылған. Қызылорда облысында да әуеден барлау нәтижесінде жеке үйдің ауласынан 73 түп қарасора анықталған. Ал Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан 332 түп өсімдік пен тұқым салынған орамалар тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ақмола облысы. Көкшетау – Атбасар – Степногорск бағыттарымен жүрген курьер автожолдардың бірінде ұсталды. Одан 2,2 килограмм мефедрон тәркіленді. Ол ұйымдастырушылармен Telegram мессенджері арқылы байланыста болған. Ұлытау облысы. Гаражды тінту кезінде есірткі заттары салынған қаптар мен тіркелмеген атыс қаруы табылды. Тұрғын үй ауласында 20 келі каннабис сақтаған күдікті ұсталды», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған тағы қанша қару-жарақ тәркіленді - ҰҚК есебі