Екі мәйіт өрт болған жерден табылды
Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері 38 жастағы Иван Заниловты іздестіріп жатыр. Ол қарт көршілерін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
5 тамызда сағат 11:00 шамасында Талғар ауданының полиция бөліміне "101" қызметіне Панфилово ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Өрт болған жерден екі мәйіт табылды. Бірақ өлімге өрт себеп болған жоқ, күдікті осылайша адам өлтіргенін жасыруға тырысқан болуы мүмкін.
«Ғимарат ішінен қан іздері табылды. 79 жастағы ер адамда бірнеше рет пышақ жарақатымен және тұншығу белгілері бар. 76 жастағы әйелдің мойнында көгерген жерлер мен арқан табылды”, - делінген хабарламада.
Полицияның мәлімдеуінше, Иван Занилов қылмыс болған көшеде тұрады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Күдіктіні іздестіру барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті, себебі ұсталған жағдайда Занилов белсенді түрде қарсылық көрсетуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Өскемен маңында өзенге батып кеткен жігіттің мәйіті табылды