Мамандар алаяқтардың қалай әрекет ететінін айтты
Алаяқтар зейнеткерге қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, «шоттағы қаржыны бейтаныс біреу шешіп алуға әрекеттеніп жатыр, сондықтан ақшаны қауіпсіз шотқа аудару керек» деп сендіруге тырысады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Одан кейін алаяқтар зейнеткерден интернетті немесе мобильді банкингті қолдана ала ма, жоқ па деп сұрайды. Кейін ақшаны қашықтан басқа шотқа аудару үшін телефонға арнайы қосымша жүктеуді ұсынады.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін нені білу керек?
Есіңізде болсын, банк қызметкері, қаржы ұйымы call-орталығының операторы, құқық қорғау органдарының өкілдері ешқашан телефон арқылы дербес деректерді сұрамайды. Мұндай жеке мәліметтер тек алаяқтарға қажет.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды