Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркелді
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркелуде. Қалыптасқан жағдайға байланысты құқық қорғау органдары осындай қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
– Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу және ашу мақсатында жеті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд және LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар 2023–2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында «Кибербақылау» платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда адам азаптаған екі полиция қызметкері сотталды