Қарым-қатынастан үркіп қалдым: Балжан Бидаш жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

02.10.2024 12:49

Алдымен әнші “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды

instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.тілшісі Aikyn.kz- ке сілтеме жасап.

Алдымен әнші  “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды. 

“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деді әнші. 

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады. 

“Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – дейді ол. 

Оқи отырыңыз:  Әйелінен кешірім сұрап, балаларына барды: Kalifarniya әні арқылы татуласқан отбасыны айтты