Танымал ән көп отбасының қосылуына себеп болып жатқан екен
Танымал хитмен Kalifarniya.“Айып етпе” әнінің көп отбасының қосылуына себеп болып жатқанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі су жаңа әнін жеке музыкалық платформаларына жүктеді.
“Бір жыл бойы отбасылық құндылықты зерттей келе “Aiyp etpe” деген ән шықты. Не үшін айып етпе екенін барлық ресми желілерден тыңдай аласыздар. YouTube арнамнан да бейнебаянды тамашалай аласыздар. Жұмыстарымның ішіндегі ең көп қаражат бөлінген бейнебаян”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар әннің көп отбасының қосылуына септігін тигізіп жатқанын да жасырмады.
“1-2 жыл үйіне, отбасына бармай жүрген бір ағамыз, бір жерден осы әнді түнімен тыңдап қалыпты. Сөз сүйектен өткен болса керек, ертесіне есін жинап, үйіне, бала-шағасына барып, жарынан кешірім сұрап, қайтадан шаңырағы берекеленіп келе жатыр екен. Көз бен сөзден сақтасын. Әйел шын сүйсе бәрін кешіріп, төзеді екен ғой. Ағамызды бір артық әңгіме айтпай қабылдапты. “Қыздың қырық жаны бар деген осы ма сонда?!” деп таңғалып қалдым. Сіз қалай ойлайсыз?!”, – деп ой тастады Kalifarniya.
Оқи отырыңыз: Әлемді шулатқан рэпер P. Diddy Алматыдағы балалар үйіне не үшін келген