Қаржы пирамидасы: Шымкентте алданғандар саны артты

Жәбірленушілер арасында үйін кепілге қойып, 130 миллион теңге құйғандар бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте қаржы пирамидасына алданғандар күн санап артып барады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азаматтар оңай олжаға кенелеміз деген үмітпен алтын бұйымдарға қыруар ақша құйған. Мәселен биыл қалада 8 қылмыстық іс тіркеліпті. Ал соның бірінде салымшылар саны тіпті 4 мыңнан асып кеткен. Бүгінде 104 адамның арызы негізінде тергеу жүргізіліп жатыр. Жауаптылар «келтірілген шығын – 810 млн теңгеден асып жығылады» дейді. Жәбірленушілер арасында үйін кепілге қойып, 130 миллион теңге құйғандар бар.

«Іс бойынша 1,5 млрд теңгеден асатын мүлікке, оның ішінде ақшалай қаражат, жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және басқа мүліктерге тыйым салынды. Оның барлығы салымшылардың қаражатына сатып алынған заттар. Іс аяқталған соң сот шешімімен олар сатылып, одан түскен қаражат жәбірленушіге келтірілген залал есебінде қайтарылады. Қаражаттарыңызды заңды түрде қайтып алудың басқа жолы жоқ», – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы.

Оқи отырыңыз: Жолдастарыммен іштім: жас қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Новости партнеров