Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты
Атырауда алимент төлеуден қасақана жалтарған тоғыз адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асты.
Барлық фактілер бойынша қала прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.
Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегендері үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқалары бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауаптылықта да әкеп соқтыратынын ескертеді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жамбыл көшесінің қозғалысы уақытша шектеледі