Бөлінген қаражат ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады
Каспий теңізі институтын дамытуға Үкімет резервінен 305 миллион теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Институт экожүйені сақтау, балық қоры мен ихтиофаунаны зерттеу, итбалықтардың қырылу себептерін анықтау және популяциясын қорғау бағытында жұмыс істейді.
Сонымен қатар теңіздің гидрологиялық процестерін, деңгейін, климат өзгерістерін, судың сапасын және биологиялық алуантүрлілікті бақылаумен айналысады. Бөлінген қаражат ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады екен.
«Үкімет резервінен бөлінген қаражат спутниктік мониторинг, гидробиология, гидрохимия, зертханаларында талдау, зерттеу жүргізуге, сонымен қатар институттың алдына қойылған басқа да міндеттерді орындауға ықпал етеді», - деді «Қазақ Каспий теңізі ҒЗИ» КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Берішбаев.
Оқи отырыңыз: Тергеу изоляторындағы қателік: Атырауда сотталушы мерзімінен бұрын босап шыққан