Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр

Экологтар теңіз суынан сынама алып, зерттеу жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий теңізіндегі итбалықтар жаппай қырылып жатыр. Жағажай маңынан табылған өлексе саны 100-ден асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Оның 39-ы Асан елдімекені мен Форт-Шевченко арасындағы жағалаудан, ал 73-і Форт-Шевченкодан Баутино мүйісіне дейінгі аумақта табылған.

Қырылған сүтқоректілер туралы тұрғындар дабыл қағып, жауаптыларға хабар беріпті. Маңғыстау облыстық балық инспекциясы өкілдері мен өзге де құзырлы органдар оқиға орнына барып, жағдайды тексерді. Экологтар теңіз суынан сынама алып, зерттеу жүргізіп жатыр. Мамандар балықтардың не себепті өліп жатқанын дөп басып айта алмай отыр.

«Әрекет ететін жұмыс тобы құрылды. Маңғыстау облысы Балық шаруашылығы басқармасынан тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде хат жолданды. Қазіргі уақытта гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынама алды», – деді Маңғыстау облысы Балық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сағадат Өмірханова.

Оқи отырыңыз: Елімізде киіктер барлық талаптарға сай сойылады

Новости партнеров