Каспий теңізі жағалауына 151 итбалық шығып қалған
Маңғыстаудың Түпқараған ауданында итбалықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңғыстаудың Түпқараған ауданында итбалықтар қырылып жатыр. Өңірдегі балық шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, Каспий теңізі жағалауына 151 итбалық шығып қалған. Олардың ұшаларынан сәйкесінше, Гидробиология және экология институты токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық сынама алған. Қазіргі уақытта табылған итбалық өлекселерін жою жұмыстары жүргізіп жатыр. Басқарма басшысы Каспий теңізі жағалауында әлі де мониторинг болатынын мәлімдеді.
"Итбалықтың зертханаға зерттеу үшін тістері, ішкі құрылысы және тырнағы алынуда. Оның нәтижесі бойынша алдағы уақытта қорытындысы хабарланады. Сонымен қатар итбалықтар жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен бір жерден көміліп, жойылуда", – деді Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев.
Оқи отырыңыз: Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады