Каспий теңізі тартылып жатыр: Қазақстан секторында жаңа аралдар пайда болды

Су орнына қайтып келмесе, аралдар саны арта бермек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий теңізі тартылып бара жатыр. Соның салдарынан Каспийдің Қазақстандағы акваториясында жаңадан аралдар пайда болған. Өзекті мәселе халықаралық деңгейде де көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Каспий теңізінің тартылуы кеше ғана байқалған құбылыс емес. Зерттеу деректеріне сүйенсек, 1996-2021 жылдар аралығында теңіз деңгейі шамамен 1,5 метрге азайған. Мамандар су деңгейі тағы 8-14 метрге дейін түсуі мүмкін екенін айтады. Теңіз ортасындағы жаңа аралдар ғалымдарды алаңдатып отыр. Мәліметке сәйкес, жаңа құрлық Құлалы аралы маңындағы аумақты әуеден түсіру кезінде анықталған. Су орнына қайтып келмесе, аралдар саны арта бермек.

"1978 жылға дейін теңіз деңгейінің төмен түсуі байқалған. 1978 жылдан 1995 жылға дейін теңіз деңгейінің тұрақты көтерілу динамикасы байқалды. Су деңгейінің ол кездегі ең жоғарғы көрсеткішке -26,5 жетті. Ол дегеніміз қазіргі су деңгейінің шамамен 2,5-3 метрге дейінгі биіктікте. Ал қазіргі таңдағы теңіз деңгейінің төмендеуі инструментальды осы зерттеулер ішінде, осы

Қазақстан секторында ең минимум мәніне жақындап тұр. -29,5-29,6 шамасында болып тұр", - деді Қазақ Каспий ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Балжан Елбасиева.
Балжан Елбасиеваның болжамынша, 2050 жылға қарай теңіз деңгейі минус 32-34 метрге дейін төмендеуі мүмкін.

"Дүниежүзілік ғалымдар шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес теңіз деңгейі орта есеппен ең оптимисті болжамдар бойынша әлі 2-4 метрге шегінеді. Писсимистік болжам бойынша теңіз деңгейінің 20 метрге дейін төмендеуі мүмкін", - деді Қазақ Каспий ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Балжан Елбасиева.

Каспийдің болашағына қатысты болжамдар әртүрлі болғанымен, сарапшылар теңізді сақтап қалу үшін ортақ әрекет қажет екенін айтады. Су деңгейінің өзгеруіне бейімделу, су ресурстарын тиімді басқару, биоалуантүрлілікті қорғау және жағалау инфрақұрылымын жаңа жағдайға бейімдеу - алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағытта Каспий маңы мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, Маңғыстау облысынан
Оқи отырыңыз: 
Үкімет әлеуметтік көмекті мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздейді