Каспийде браконьерлік торлардан 2,3 мыңнан астам балық құтқарылды
Рейд барысында 44 шағын кеме тоқтатылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Каспий теңізінің акваториясында заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 126 құқықбұзушы анықталып, 44 шағын көлемді кеме ұсталған.
Сондай-ақ 11,5 келі есірткі және 88 шақырым браконьерлік құрал-жабдық тәркіленді. Браконьерлік торлардан табылған 2 337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
"Құқықбұзушылар бойынша 4,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келуі мүмкін 840 млн теңгеден астам залалға жол берілмеді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
ҰҚК Шекара қызметі теңіздегі белгіленген тәртіптерді сақтау қажеттігін еске салды.
Оқи отырыңыз: Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының қаржысын бақылайтын комиссия құруды ұсынды