Каспийде қаза болған сарбаздардың денесі туған жеріне жеткізілді

25.09.2026 18:12

Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең өтеді

Almaty.tv

Каспийде қаза болғансарбаздардың денесі туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының тумалары Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың мүрдесі арнайы рейспен бүгін Орал қаласына, ал аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының мәйіті әскери ұшақпен Түркістан облысына жеткізілді.

Әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең өтеді.

Оқи отырыңыз: Каспийдегі жаттығуда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің есімі жарияланды

 

 

Толық көрсету