Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

30.12.2025 23:25
пресс-служба Акорды

Құттықтауында Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат тарихындағы ерекше орнын атап өтті. Президент қазақстандық шахматшының блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанып, майталман шебер ретінде ел абыройын халықаралық аренада асқақтатқанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды