Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жылдам шахматтан әлем чемпионаты Катар астанасы Доха қаласында өтті. Жалпы кезеңде әйелдер әрқайсысы 15 партиядан ойнады. Бибисара Асаубаева 11 ұпай жинап, тағы төрт шахматшымен бірге көшбасшылар тобына кіріп, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Чжу Цзиньэрді мерзімінен бұрын 3:0 есебімен жеңді. Ал шешуші кездесуде украиналық Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен ұтты.

Осылайша Бибисара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанған тарихтағы екінші шахматшы болды. Бұған дейін бұл жетістікке ресейлік-украиналық шахматшы Екатерина Лагно қол жеткізген. Тараз қаласының 21 жастағы тумасы бұл атақты бұған дейін 2021 және 2022 жылдары жеңіп алған.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді

Новости партнеров