Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бүркітауы аумағында көзге түскен қар барысы Қызыл кітапқа енген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығы аумағында сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, Бүркітауы аумағында көзге түскен қар барысы Қызыл кітапқа енген.

«Алтайдың ғажайып табиғаты тағы бір жаңалықпен қуантты. Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығының аумағында сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орнатқан – ЖҚ жӨБ бастығы Е. Қасымов пен инспектор А. Шакенов.

Табиғатты қорғауға жанашырлықпен қарайтын осындай мамандардың еңбегінің арқасында еліміздің бай биоалуандығы тағы бір мәрте дәлелденіп отыр», - делінген комитет хабарламасында.

Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда үздік 5 демалыс орны аталды

Новости партнеров