«Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қаңтарға дейін жалғасады
«Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы Алматыда да өтіп жатыр. Төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері бірлесе атқарып жатқан рейд 5 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның аясында жабайы сауда орындары анықталып, заңсыз тауарлар тәркіленіп жатыр. Жауаптылардың сөзінше, пиротехниканы сақтау мен сату талаптарын бұзу жағдайлары жиі байқалады.
"Бұл жерде сауда жасауға болмайтынын білмедік. Ешкімнен ешқандай рұқсат алмадық. Алайда көріп тұрғандарыңыздай, тауардың сертификаты бар. Өрт сөндіргіш құралы болмай, қауіпсіздік ережелерін сақтамағанымыз дұрыс болмады. Болашақтабұл жағдайды ескереміз", – деді сатушы Малик Сардиевич
Сонымен қатар төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын ерекше форматта түсіндіруді қолға алған. Аяз ата кейпіне енген мамандар азаматтарға отшашуды дұрыс пайдалану ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратып, балаларға тәттілер сыйлады.
"Жабдықталмаған, рұқсаты жоқ жерлерде сатылып жатқан пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп жатыр. Бекітілген жоспарға сәйкес, «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясын жүргізудеміз. Арнайы жабдықталмаған орын, рұқсат етілмеген жер, өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін түстарын тексеру жүргізуліде", – деді Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Асхат Әмірбеков.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көліктер мереке күндері қалай жұмыс істейді