Қауіпсіздік талаптарын бұзған 7,5 мыңнан астам нысан жұмысын тоқтатты

Биыл елімізде 16 мыңға жуық өнеркәсіптік нысан тексерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл елімізде 16 мыңға жуық өнеркәсіптік нысан тексеріліп, 100 мыңнан астам заң бұзылғаны анықталған. Салдарынан жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, қауіпсіздік нормаларын сақтамаған 7,5 мыңнан аса объектінің жұмысы тоқтатылды.  Бұл туралы Үкіметте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, кей ғимараттарда өртке қарсы автоматика жүйесі дұрыс жұмыс істемесе, кейбірінде олар мүлдем болмаған. Тіпті жұмысшыларды оқытпай, қауіпсіздік ережелерімен таныстырмай жұмысқа алған мекемелер де болған.

«Қауіпті өндірістік объектілерде анықталған бұзушылықтар көбінесе адам өліміне немесе жұмысшылардың жарақат алуына әкеп соғатын авариялардың жазатайым оқиғалардың орын алуымен қатар жүреді. Биыл қаңтар мен мамыр аралығында мұнай-химия және тау-кен саласында 11 авария, сондай-ақ қазандық және газ шаруашылығы, өсімдік шикізатын өңдеу объектілерінде 60-тан астам оқиға тіркелді. 22 жұмысшы жарақат алып, 15 адам өкінішке қарай қайтыс болды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Оқи отырыңыз: Еңбек қауіпсіздігін арттыру: Бектенов нақты тапсырма берді

Новости партнеров