Перапараттардың қосындысы есірткі әсерін беріп, адамды тәуелділікке ұрындырады
Түркістан облысындағы дәріханада қауіпті дәрі-дәрмек еркін сатылып келген. Денсаулық сақтау министрлігі дереу тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіні шулатқан бейнежазба Сарыағаштағы дәріханалардың бірінде түсірілген. Онда тұрғындардың біріне қауіпті бірнеше препарат дәрігердің рұқсатынсыз сатылып жатқаны көрінеді. Перапараттардың қосындысы есірткі әсерін беріп, адамды тәуелділікке ұрындырады. Тіпті психозға, улануға, өлімге әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, дәріханаға қайталанған заңбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік іс қозғалған. Қазір қатаң шара қолданылып, лицензиясын тоқтату мәселесі қарастырылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Арнайы операция кезінде елордада заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді