Қазақ киносының күні: Алматыда «Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді

12.09.2025 19:30

Туындыда Қазақстан халықтарының достығы сипатталады

Бүгін – Қазақ киносының күні. Осыған орай Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнайы тапсырыспен түсірілген туындыда Қазақстан халықтарының достығы сипатталады. Сондай-ақ кинокартинада өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ауыр жұт кезеңі бейнеленіп, қиын шақта халықтың бір-біріне көрсеткен көмегі суреттелген.

Айта кетейік, атаулы датаға орай Алматы жұрты «Жерұйық» туындысының режиссері, қазақ киносының тарихында мәңгілік мөрін қалдырған Сламбек Тәуекелді құрметпен еске алып, жүрекжарды естеліктерін айтты.

«Бұл – киностудияда 15 жыл басшылық еткен Сламбек Тәуекелдің түсірген киносы. 1934 жылы Қазақстанға Шығыс Қиырдан корей халқы жер аударған. Қазақ қалай қарсы алды? Қалай жұмысқа орналасты? Қиын шақта көрсеткен көмегі суреттейтін фильм», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Текеев.

Оқи отырыңыз: Қазақы қара сөздің алдаспаны: Алматыда ғылыми конференция өтті