Қазақ тілінің үздік оқытушысы: Алматы қаласы әкімі аппараты қалалық байқауын жариялайды

19.08.2025 16:39

Мақсаты - қазақ тілі оқытушыларының (мұғалімдерінің) кәсіби біліктілігін арттыру

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімі 2023 жылғы 23 қарашадағы  № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсаты - қазақ тілі оқытушыларының (мұғалімдерінің) кәсіби біліктілігін арттыру және әдістемелік шеберлігін шыңдау; шығармашылық жұмыстарын бағалау, насихаттау.

Міндеті - қазақ тілі оқытушыларын (мұғалімдерін) ынталандыру, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау, оқытушылардың авторлық бағдарламаларын, оқу құралдары мен әдістемелік кешендерін ұсынуға, таратуға мүмкіндік беру, үздік жұмыстарды насихаттап, баспа бетінде жариялауға мүмкіндік тудыру. 

Қатысушылар: барлық деңгей бойынша (ересектер, ЖОО, арнайы орта білім беру ұйымдары, орта мектеп, бастауыш мектеп, балабақша) қазақ тілінің оқытушылары мен мұғалімдері.

Талаптары мен шарттары:

Байқауға қатысушылар  https://forms.gle/ZZS5t3CrirEHCsHC7 сілтеме арқылы Google форманы толтырып, өтінім қалдыруы тиіс.

Байқау үш бөлімнен тұрады.

  • Оқытушы қазақ тілі пәнінен бір тақырыпты таңдап, оны қызықты, креативті форматта әрі нақты түрде түсіндіруі тиіс. Дайындалған материал TikTok, Instagram желісінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жариялануы керек.
  •  оқытушы өзі құрастырған оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, оқу-әдістемелік кешен, оқу-әдістемелік нұсқаулық,  озық әдістемелер жинағы, жаттығулар жинағы, деңгейлік мәтіндер жинағы, жұмыс дәптері, тілашарлар, тіл үйренуге арналған дидактикалық материалдар, оқу сөздігі немесе т.б. ұсынады. Әр оқытушы бір өнім әзірлеп ұсынады.
  • Үшінші бөлімде оқытушыға педагогикалық ситуациялар, кейс-сұрақтар беріледі. Оқытушының мәселені шеше алу қабілеті, кәсіби құзыреттілігі бағаланады. Үшінші бөлім шешуші кезең қазанда онлайн ZOOM платформасында өтеді.
  • Байқаудың қазылар алқасына жоғары кәсіби білікті педагог, әдіскер ғалымдар, тәжірибелі қазақ тілін оқытушы мамандар енеді. Қазылар алқасы өткізілген материалдарды зерделеу және сараптау арқылы байқаудың қорытындысын шығарады. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

    Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады.

    Оқи отырыңыз: Зертханадан сыныпқа: Алматыда мектептер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастық нығайтылмақ