Зертханадан сыныпқа: Алматыда мектептер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастық нығайтылмақ

Тамыз конференциясы аясында панельдік сессия өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Заманауи зерттеулер мен инновациялық әдістерді білім беру жүйесіне енгізу маңызды шаруа». Жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында Алматыда ұйымдастырылған панельдік сессияға қатысқандар осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ғылым және мектеп: зертханадан сыныпқа» деп аталған іс-шараны Білім басқармасы және қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған.

Сессия жұмысына жаратылыстану-математика бағытында жұмыс істейтін 600 педагог қатысты. Халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының ғалымдары сөз сөйлеп, білім беру ісіне тың технологияларды кірістіру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды оқу процесіне енгізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылды.

«Технология мұғалімнің сабақ беру жолында жаңа мүмкіндік ашады. Алматы қаласындағы білім сапасының трансформациясына мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Қазақстандағы Google компаниясының өкілі Санжар Кенжехан.

Сессия барысында мектептер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісі де сөз болды. Іс-шараға қатысушылар бірлескен жобалар мен зерттеулерді жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

 «Мектеп мұғалімдері мен ғалымдардың арасындағы байланыс күшейеді және ғалымдардың осы кезге дейін жасап жатқан жаңалықтары жас буынның арасында кеңінен насихатталатын болады. Осы арқылы оқушылардың шығармашылық дамуына әсер ете алады деп ойлаймын. Олардың сыни дағдыларына, шығармашылық дамуына және тірідей модельдеу, робототехника, STEM оқулары қатысты білім алуына жағдай жасай аламыз», – деді химия пәні мұғалімі Сунатулла Қауымбаев.

Панельдік сессия білім беру саласындағы ғылыми жетістіктер мен инновациялық шешімдерді талқылауға, тәжірибе алмасуға арналған алаң болды. Сарапшылардың сөзінше, іс-шараға қатысушылардың пікірі мен ұсыныстарын жинақтап, оларды білім беру жүйесінде қолдану маңызды.

Гүлмарал Изатқызы, Диана Жұматаева, Хангелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады

Новости партнеров