Қазақстанда ЖИ көмегімен төтенше жағдайлардың алдын алудың жаңа тетіктері әзірленуде

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрлігі, ІІМ және басқа да мемлекеттік органдарға қазіргі заманғы қатерлер мен алаяқтықты анықтау және алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше назар аудару керек.
Жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болады.
Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуі қажет.
Жалпы қолданыстағы құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіру бойынша тұрақты проактивті жұмыс жүргізу қажет.
Бұл қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді»,  — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Премьер-министр мемлекеттік органдарға қандай тапсырма берді

Новости партнеров