Қазақстан мен Ресей +7 телефон коды бойынша қандай шешім қабылдады

Rodion Kutsaiev on Unsplash
Rodion Kutsaiev on Unsplash

Кодтағы сандардың қандай үйлесімі әр елге тиесілі болатыны құжатта түпкілікті бөлінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда телефон кодтарын бөлу туралы Ресеймен келісім заңнамалық тұрғыдан бекітіліп жатыр. Тиісті қаулы жобасын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта +7 кодындағы сандардың қандай үйлесімі әр елге тиесілі болатыны түпкілікті бөлінген.

"Қазақстан бүкіләлемдік нөмірлеу жүйесінің 7-ші аймағында келесі код диапазондарын қолданады: +7 0; +7 6; +7 7. Ал Ресей келесі код диапазондарын қолданады: +7 2; +7 3; +7 4; +7 5; +7 9", – делінген жоба мәтінінде.

Қазір құжат көпшілік талқылауына шығарылған, ол 2 маусымға дейін жалғасады. Құжат күшіне енген кезде ол Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында былтыр қол қойылған +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді заңды түрде бекітеді.

Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын қалай бөлісті?

2021 жылы Қазақстан халықаралық +997 телефон кодын резервке қойған болатын, яғни +7 кодынан бас тарту жоспары болған. Кейінірек отандық шенеуніктер бұл кодқа көшу техникалық және қаржылық тұрғыдан күрделі екенін түсінді. Қазақстандық абоненттерге барлық сервисте – мемлекеттік және банктік қызметтерде, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларда – деректерін жаңарту қажет болар еді. Сондықтан 2023 жылы бұл идеядан бас тартуға шешім қабылданды.

Былтыр қазанда Қазақстан Ресеймен бірге +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдады. Жобаға сәйкес, қос мемлекет халықаралық телефон байланысының 7-ші аймағындағы (+7) нөмірлеуді бірлесіп қолдануды жалғастырады.

Құжатта Қазақстан үшін мынадай код диапазондары бекітілген: 000–099, 600–699, 700–799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Ресей ерекше тәртіппен мынадай код диапазондарын қолдана алады: 200–299, 300–399, 400–499, 500–599, 810–818, 820–821, 831, 833–836, 840–848, 850–851, 855–857, 860–863, 865–867, 869, 871–873, 877–880, 900–999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) кодтары пайдаланылады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет ақшасына түсірілген фильмдерді фестивальдерге қатыстыру міндеті қойылмақ

Новости партнеров