Келісімнің мақсаты тараптардың міндеттемелері мен қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуіне байланысты жалпы қағидаттар мен рәсімдерді айқындау
Қазақстан мен Түркия БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштері аясындағы бітімгершілік миссиясы бойынша келісімге келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, тараптар арасындағы өзара іс-қимылды көздейтін Техникалық келісім жобасы мақұлданды.
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштері миссиясы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Техникалық келісімнің қоса беріліп отырған жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Жұманғарин Серік Мақашұлына Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда аталған техникалық келісімге қол қоюға, сондай-ақ мазмұны жағынан елеулі өзгерістер әкелмейтін түзетулер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін, – делінген үкімет қаулысында.
Келісімнің мақсаты тараптардың міндеттемелері мен қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуіне байланысты жалпы қағидаттар мен рәсімдерді айқындау. Осыған сәйкес, қазақстандық әскери қызметшілер Түркия Республикасы Қарулы күштерімен бірлесіп, БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштері миссиясына қатысып жатқан әскери кемелерде орналастырылады деп атап өтілген құжатта.
Қаулы заңды түрде күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады