Қазақстан Таяу Шығыс бағытымен жүретін тауар тасымалына балама жол қарастырады - минситр

Қазақстанның Оңтүстікке шығатын жалғыз теміржол бағыты Иран аумағы арқылы өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс ушығатын болса, Қазақстан Таяу Шығыс бағытымен жүретін тауар тасымалына балама жол қарастырады. Бұл туралы Сенат кулуарында Экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің сөзінше, ел Иранға негізінен азық-түлік өнімдерін экспорттайды. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл бағыттағы қауіп ел экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Дегенмен жағдай күрделене түсіп, отандық бизнеске нақты әсерін тигізсе, мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілмек. Оның айтуынша, ең басты мәселе – логистика. Себебі Қазақстанның Оңтүстікке шығатын жалғыз теміржол бағыты Иран аумағы арқылы өтеді.

«Басқа бағыт жоқ. Сондықтан бұл жағдайдың тасымалға әсер еткенін қаламаймыз. Әзірге бұл бағытта үлкен көлемде жүк тасымалданып жатқан жоқ, себебі Иранның теміржол инфрақұрылымы жақсы жағдайда емес. Шекаралық өткелдер мен станциялар бойынша да қиындықтар бар. Алдағы уақытқа арналған жоспарларымыз ауқымды болған. Сол себепті жағдайды мұқият бақылап отырмыз», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: Биыл қандай өнімдерге міндетті цифрлық таңбалау жүйесі енгізіледі

Новости партнеров