Қазақстанда Атом есімді қанша адам бар – статистика

02.10.2024 в 20:33

Олардың ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста

elements.envato.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Соңғы деректерге сәйкес олардың ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

«Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі: - Атомжан — 2 адам - Атомбек — 6 адам - Атомвек — 2 адам - Атомтай — 1 адам», - делінген бюро хабарламасында.

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

Оқи отырыңыз: Мейрамбек Бесбаевтың қызына қандай есім таңдалғаны белгілі болды