Нұрай Қазнабек ирандық Айназ Насириге есе жіберді
Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді.
«Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Паратаэквондодан Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті