Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды деген ақпарат – жалған

30.10.2024 16:56

Бұл туралы Мәжіліс отырысына келген Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елде сұйық отын құнын өзгерту қарастырылмаған. Бұл туралы Мәжіліс отырысына келген Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты. Министрлер кабинетінің мүшесі жанар-жағармай нарығында жақын арада өзгеріс болмайды деп сендірді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін инфляция 8 пайыздан аспауы керек. Ал оған әсер ететін факторлар алдағы уақытта тағы да пысықталады. 

"Сенбіде Үкімет аралық жиналыс өткіземіз. Қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз. "Бензин бағасы өседі" деген ақпарат айтқан жоқпын. Жұмыс тәжірибеме сүйене отырып айтарым, бензин азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлікті тасымалдауға негізінен дизель отыны ықпал етеді", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінеді