Қазақстанда білім саласынан жымқырылған 1,5 млрд теңге қайтарылды

elements.envato.com
elements.envato.com

Түркістан облысында 123 қызметкерге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

«Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Көп оқылған: Алматыда 14-20 қазан аралығында ауа райы қандай болады

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге тұратын мүліктеріне тыйым салынды.  

Оқи отырыңыз: ҚазҰАЗУ-дан 43,8 млн теңге жымқырылған: лауазымды тұлғалар сотталды

Новости партнеров