Жамбыл облысында 250-ге жуық шаруашылыққа неге субсидия төленбеген

Басқарманың жауапты бөлім басшысы қатаң сөгіс алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбылдық 243 шаруашылық тиесілі субсидияны бір жыл бойы ала алмаған. Фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандары анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауапты басқарма 400 млн теңгелік субсидияны шаруаларға былтыр төлеуі тиіс болған. Бірақ басқарма мамандары өтінім берген қожалықтарды ұмыт қалдырған. Жауаптылардың кей қожалық иелеріне басымдық бергені де анықталды. Мәселе құзырлы орган қызметкерлері араласқан соң ғана шешімін тапқан. Қазір салалық басқарма қожалықтарға субсидияны төлеген. Ал басқарманың жауапты бөлім басшысы қатаң сөгіс алды. 

"Департамент тарапынан субсидия төлемі бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге алгоритм бекітілді. Ереже сақталмайтын болса, жауапты тұлғалардың заң тұрғысында жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз, департамент бақылауында болады", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ІҚА Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ербол Бақтықожаев.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қалдық қалмайтын химиялық зауыт салынып жатыр

Новости партнеров