Қазақстанда бұрынғы шенеуніктер мен олигархтар иелік еткен жерлер қайтарылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Құлыбаевтар отбасының Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Соның ішінде уәкілетті органдармен Жер ресурстарын басқару департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен, жүйелі және кезең-кезеңмен жұмыс істеу нәтижесінде 15 жыл бұрын жеке пайдалануға берілген құнды жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Мәселен, соңғы үш жылда мемлекетке жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 83 мың гектар жер қайтарылды, оның ішінде 21 мың гектар, құны 1,6 млрд теңге бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ «Forbes» тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болды.

Атап айтқанда, прокуратураның талап - арызы бойынша 2025 жылы мамыр айында Құлыбаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды», - делінген Алматы облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Сол сияқты депутаттық сауалда көрсетілген тағы 9 гектар жағалау аумағы қайтарылды.

«Іле ауданының жерлеріне қатысты-жұмыс жүргізілуде, тексеру нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ететін боламыз.

Облыс прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын халықпен және Парламент депутаттарымен бірлесіп жүйелі түрде қадағалауда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі №58 мектептің мердігеріне қатаң талап қойды

Новости партнеров