Қазақстанда дәнді дақылдар өндірісіне цифрлық қадағалау жүйесі енгізілмек

Мамандар өнімділіктің екі есе төмендеп кеткенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде дәнді дақылдардың өнімі екі есе төмен. Оған тұқым шаруашылығының дамымай қалуы себеп. Ғылым академиясында бас қосқан мамандар саладағы кемшіліктерді жіпке тізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мәселен, 2012 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда дәнді дақылдардың орташа өнімділігі небәрі 6 пайыз ғана өсіп, гектарына 12 центнер деңгейінде қалған. Ал табиғи-климаттық жағдайы біздің елге ұқсас Канадада бұл көрсеткіш 28 пайыз артып, гектарына 38 центнерге жеткен.

Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін елімізде цифрлық қадағалау жүйесі енгізілмек. Тұқым шаруашылығындағы өндіруден бастап, өткізуге дейінгі барлық технологиялық үдерістер жіті қадағаланатын жоба ең бірінші Алматы облысында пилоттық режимде қолданылады.  

«Бүкіл республика бойынша бұл жүйені бірдей енгізу қиын болады. Сондықтан Алматы облысынан бастадық. Бұл көшбасшы облыстың бірі. Академияда бүкіл тұқым шаруашылықтың бәрін жинап отырмыз. Оларға түсіндіріп айтамыз. Сөйтіп солар арқылы енгізетін боламыз», - деді ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев.

Оқи отырыңыз: Оқушылардың ас мәзірінен қандай тағамдар алынып тасталды

Новости партнеров