Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының шарттарын өзгертті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бағдарламасын іске асыру аясында баспана сатып алуға арналған лимиттер мөлшері көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өзгертулер мен толықтырулар Ұлттық банктің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №59 Басқарма қаулысымен енгізілмек. Онда:

  • Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру;
  • Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін көтеру;
  • басқа өңірлерден 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтеру көзделеді;
  • қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны (тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.

Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.

Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімді болу мүмкіндерін кеңейтіп, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының икемділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін енгізіліп отыр.

Қаулымен қамтылмаған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен Бағдарламаның талаптары өзгерiссiз қалады.

«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. Мақсат – 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы бар жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлемесімен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету.

2025 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 1 149,7 млрд теңгеге 81 886 жеңілдетілген қарыз берілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 11,7 мың оқушыға арналған 8 заманауи мектеп салынып жатыр

Новости партнеров