Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

27.09.2025 17:58

Көпағзалық трансплантация марқұмның отбасының шешімі арқылы іске асты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасында қайтыс болған 1985 жылы туған донордан көпағзалық трансплантация жүргізілді. Отбасының келісімімен марқұмның жүрегі, бауыры және екі бүйрегі алынды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Донорлық процесті Трансплантацияны үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер республикалық орталығы ұйымдастырды. Оған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы мен UMC транспланттау бригадалары, өңірлік үйлестірушілер және басқа да қажетті қызметтер жұмылдырылды.

Маңызды рөл атқарған полиция қызметкерлері дәрігерлердің уақытылы жетуін қамтамасыз етіп, оларды алып жүрді. Бұл жағдай донор отбасының шешімімен бірге медицина қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы арқасында Қазақстанда көптеген науқастың өмірін сақтап қалуға болатынын көрсетті.

Қазіргі таңда донорлық ағзаларды күту парағында 4300-ден астам адам бар. Оның ішінде 120-дан астамы – балалар.

Оқи отырыңыз: Күзде қандай аурулар жиі асқынады