Азаматтардың мұқтаждықтарын анықтаудың дәлдігін арттыруға және өңірлік ерекшеліктерді ескеруге бағытталған өзгерістер енгізілген
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы құжатқа сәйкес:
Азаматтардың мұқтаждықтарын анықтаудың дәлдігін арттыруға және өңірлік ерекшеліктерді ескеруге бағытталған өзгерістер енгізілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті департаменттерге Әділет министрлігінде бұйрықты тіркеуді, оны ресми дереккөздерде жариялауды, сондай-ақ ведомствоның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуді міндеттеді.
Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да 15 жылқыны ұрлаған азамат қолға түсті