Қазақстанда "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Науқан 30 мамырда барлық қалада бір мезгілде басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

30 мамырда Қазақстанның барлық қаласында және елдімекендерде "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара аясында Қазақстанның ең үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрағына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетеді,

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті. Оны қарапайым қазақстандықтар жақсы көрді. Бүгінде дәстүрге айналған жобаны барлығы тағатсыздана күтеді.

2016-2024 жылдар аралығында акцияға 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 300 000-нан астам адам кеңес алды.

Алматы қаласының Әділет департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету басты назарда болатын «Халық заңгері» акциясын өткізеді.

Акция өтетін мекен-жайы:

Алмалы ауданы Төле би көшесі 86 үй Абай атындағы ҚазҰПУ сағат 10.00-17.00

Алмалы ауданы Құрманғазы көшесі 107 үй мекен-жайындағы, Қонаев университетінде сағат 17.00

Медеу ауданы Достық 85А Каспий университеті сағат 17.00

Республика қалалары бойынша өтетін орындар туралы ақпаратты мына сілтемеден біле аласыздар: https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/

Оқи отырыңыз: Балаларды қорғау күні: Қазақстанда ұлттық науқан басталды

Новости партнеров