Қазақстанда киік етін қайдан алуға болады

Almaty.tv (мұрағат)
Almaty.tv (мұрағат)

Нарықта бұл өнім консерві түрінде ұсынылуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуші кәсіпорындарға киік етінің килограмын 1 600 теңгеден сатуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздегі базар сөрелерінде бұл өнім әзірге жоқ.

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлік департаменттердің деректері бойынша киік еті бөлшек саудада сатылмайды. Көп жағдайда шаруалар етті өңдеу цехтарына өткізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, өңдеуші кәсіпорындар киік етін тұтас туша күйінде алдын ала берілген тапсырыс бойынша сатады, ал өнімнің бір бөлігі консерві өндіруге жіберіледі. Демек, нарықта бұл өнім консерві түрінде де ұсынылуы мүмкін.

Қазіргі таңда елімізде тәулігіне 4 140 киікке дейін өңдеуге қуатты 25 ет қабылдау нысаны жұмыс істейді. Барлығы 4 374 тушаға 108 ветеринариялық анықтама берілген.

Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, бұл шешім Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институты ғалымдарының биологиялық негіздемесі мен Австралия, Финляндия, Канада, АҚШ және ОАР елдерінің жабайы жануарлар популяциясын тұрақты басқару тәжірибесі ескеріле отырып қабылданған.

Министр сонымен бірге киік етінің сапасына күмәнданбауға шақырды. Оның айтуынша, өнім қатаң ветеринариялық бақылаудан өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі жалақымен байланыстыруды ұсынамыз - Болат Жәмішев

Новости партнеров