Табиғи апат: Каспий жағалауы 18 шақырымға шегінген

Зерттеулер судың жалпы аумағы 70 мың шаршы шақырымға дейін азайғанын көрсеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспийдің қазақстандық бөлігіндегі жағалау 18 шақырымға шегінген. Мамандар бұл құбылысты нағыз табиғи апат деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Теңіздің деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп жатыр. Ал кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулер судың жалпы аумағы 70 мың шаршы шақырымға дейін азайғанын көрсеткен. Экологтар «Каспийдің жылдам тайыздануына оған құятын 130 өзеннің біразының тартылып қалуы мен Еділ өзені жиегіндегі 12 су электр стансасының құрылысы да тікелей әсер етті» деп отыр.

«Еуразия каналы – Қара теңізбен дәлірек айтқанда, Азов теңізі мен Каспий теңізінің арасын Қума-Манаш ойпаттары арқылы қосу. Бұл ең оңай вариант. 780 км жуық алқапта, ойпатта бір кезде су жатқан. Қара теңіз бен Каспий теңізі қосылып жатқан. Ендеше соны канал қазып жіберіп қосудан басқа амал қалған жоқ, – деді  «Аманат» партиясы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы Орынбасар Тоғжанов.   

Каспийдің тағдырын Аралдың қайғылы тарихымен салыстырған экологтар бес мемлекеттің бірлесіп, нақты әрекет етуі қажет екенін ескертіп отыр. Өйткені, аталған мәселеге өзге елдердің бас қатырмай отырғаны тағы бар. Төрткіл дүниені алаңдатқан болжамдарға қарамастан, теңізді құтқарудың нақты жоспары әлі жоқ екенін де айта кету керек.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын дамыту үшін қаражат бөлінді

 

 

 

 

 

Новости партнеров