Қазақстанда инвестициялық қор атынан жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

«Amir Capital» инвесторларға төлемді жаңа салым есебінен жасаған

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған «Amir Capital» компаниясы үш жыл бойы қаржы пирамидасын жүргізіп келгені белгілі болды. Олар Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарына криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы ай сайын 5–10 пайыз табыс түседі деп уәде еткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Инвесторлар ресми сайттағы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, қаражатты «Amir Wallet» атты электронды әмиянға криптовалюта түрінде аударып отырған. Алайда түскен ақша нағыз инвестицияға емес, қаржы пирамидасының схемасы бойынша бөлінген. Яғни, бұрынғы салымшыларға төлемдер кейінгі қатысушылардың қаржысы есебінен жасалған. Тексеру нәтижесінде, аталған пирамидаға 40-тан астам адамның тартылғаны анықталды.  

«2021 жылдың соңында салымшылардың «Amir Capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген. Сот санкциясымен құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер теліміне тыйым салынды. Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматыда мектеп оқушыларына қаржылық қауіпсіздік сабақтары өтіп жатыр

Новости партнеров