Енді қазақстандықтар несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін пайдалана алады
Қазір банктер қарыз алушыларға несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда айыппұл салуы мүмкін. Алайда 31 тамыздан бастап қарапайым азаматтар үшін мұндай айыппұлдар алып тасталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Енді қазақстандықтар несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін пайдалана алады. Оылайша сіз артық төлемдерді айтарлықтай үнемдей аласыз. FinGramota медиа-порталының мәліметінше, төлемдердің екі түрі бар:
Екі жағдайда да банк өз кірісін толық көлемде ала алмайды. Сондықтан да банктер бұған қарсы "қорғаныс тетігін" қолданады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес банктер мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкцияларын қолдана алады:
Мәселе мынада, айыппұл сомасы банк алмаған сыйақы сомасына жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам несиені мерзімінен бұрын жауып тастаса, сөзбе-сөз ешнәрсе ұтпайды. Жай ғана мерзім ішінде төлеген қаражатынан бірден айырылады. Дегенмен жақсы жаңалық бар. 2025 жылдың 31 тамызынан бастап заң өзгереді. Заңға сәйкес, мұндай айыппұлдар тек заңды тұлғаларға қатысты болады.
Бұл несиесін мерзімінен бұрын өтеуді шешкен қазақстандықтар өз мүдделерінің бұзылуынан қорықпауына болады деген сөз. Дегенмен, мұндай процеске мұқият қарау керек:
Мерзімінен бұрын өтеу үшін өсімпұлды алып тастау қазақстандықтар үшін несиелерді тиімдірек етеді. Бірақ нәтиже бәрібір қарыз алушының бұл құралды қаншалықты сауатты пайдаланғанына байланысты болады.
Оқи отырыңыз: Тауға шығып, аяғын сындырған шетелдік турист құтқарылды