Елімізде шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі пысықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазір көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты.

«Ел заңнамасын бұзған шетелдіктерді мемлекет аумағынан шығару тәртібі қайта қаралып жатыр. Қазір бұл тәртіп өте күрделі. Шетелдіктерді шығарудың процесі тым ұзақ», - деді А. Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қатысты болады.

«Жаңа депортация институтын енгізу жоспарланған. Бұл тұрғыда заң талаптарын өрескел түрде бұзатындарды Қазақстан аумағынан жедел шығару қадамдары ескерілген», - деді комитет басшысы.

Новости партнеров