Қазақстанда әскерге шақыру жойылуы мүмкін бе - Қорғаныс министрлігінің жауабы

27.09.2024 12:04

Конституцияның 36-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті" екені көрсетілген

elements.envato.com

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың мерзімді әскери қызметтен бас тарту туралы петициясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сәлтеме жасап.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер армияда болған уақытында әскери мамандықтарына сәйкес жауынгерлік даярлық сабақтарынан өтеді. Олар жауынгерлік, дене шынықтыру дайындығы және әскери қызмет бойынша қажетті дағдыларды алады. Әскерден босатылғаннан кейін олар әскери дайындықтан өткен запасқа есепке алынады. Әскери даярланған резерв, яғни әскери дайындық дағдылары бар азаматтар мемлекет қорғанысының элементтерінің бірі, оның жұмылдыру ресурсы болып табылады. Әскери қауіп төнген жағдайда олар мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындайды", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 90-1-бабына сәйкес қорғаныс мәселелері петиция нысанасы бола алмайтынын атап өтті.

"Бұл бастама - мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру", - деді министрлік.

Оқи отырыңыз: Өзге тілдің бәрін біл: қанша алматылық шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр