Операцияға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан тартылды
Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – есірткі өсімдіктерінің табиғи ошақтары мен заңсыз егістерін жою, есірткі зертханалары мен жеткізу арналарының жолын кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Операцияға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан тартылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар белсенді қолданылып, үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жасалды. Нәтижесінде:
Ұлытау облысында оңтүстіктен орталық пен солтүстікке жеткізу арнасы тоқтатылып, құрамында 4 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан қару-жарақ пен 103 келі марихуана алынды. Жамбыл облысында 206 келіден астам марихуана дайындаған 2 азамат қолға түсті. БҚО-да жылыжайда өсірілген қарасора табылып, 135 келі есірткі жойылды. Түркістан облысында арнайы топ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр тәркіледі. Сондай-ақ Жезқазған мен Сәтбаевта заңсыз тасымалданған 43 тоннадан астам көкнәр анықталды.
«Қарасора-2025» операциясының нәтижесінде:
ІІМ атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі түрде жалғаса береді.
Оқи отырыңыз: Қызылордада иісшіл иттердің көмегімен 139 қылмыс ашылды