Одорологиялық зерттеулерге 28 рет қатыстырылып, 14 дәлелді іріктеу нәтижесі тіркелді
Жыл басынан бері Қызылорда облысында қызметтік іздестіру иттері 139 қылмыстың ашылуына септігін тигізген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есірткі қылмысына қарсы жедел іс-шаралар нәтижесінде 68 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Иісшіл иттердің көмегімен ұрлық-қарлық және тағы басқа 33 қылмысты ашу мүмкін болды.
"Одорологиялық зерттеулерге 28 рет қатыстырылып, 14 дәлелді іріктеу нәтижесі тіркелді. Жарылғыш заттарды іздеу бағытында 73 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш заттар анықталған жоқ. Сонымен қатар 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүгінге дейін қызметтік иттердің көмегімен есірткіге қатысты 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. 92,98 грамм марихуана мен 4,87 грамм гашиш айналымнан алынды", — делінген хабарламада.
Департаменттің кинология қызметі орталығында 19 қызметтік іздестіру иті бар. Кинолог мамандар түгел Ішкі істер министрлігінің кинология орталығында курстан өткен.
Оқи отырыңыз: Тынық мұхитында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды